Өңірге есімі белгілі, Қаражанбас кен орнын алғаш ашқан қайраткер аға буын қатарындағы құрметті геологта бірінші вице-президент Сүйіндік Алдашев бастаған топ қонақта болып, ата дәстүр бойынша иығына шапан жауып, ардагердің жары Әмина Қатароваға сый-сыяпат табыстады.
Сүйіндік Алдашев мерейтой иесінің атқарған ерен еңбегіне алғыс білдіріп, ол ашқан Қаражанбас кен орны бүгінде еліміздегі іргелі кен орындарының бірі саналатындығын, сонымен бірге, мұнай өндіруде айтулы табысқа жетіп отырғандығын атап өтті. Ақсақал да Компания басшылығына жүрекжарды лебізін білдіріп, үнемі назардан тыс қалдырмайтындарына рахметін айтты.
Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған көнекөз мұнайшы 5 бала тәрбиелеп өсірген ардақты әке, өнегелі ата.
Қария қуанышын бөлісіп келген қаражанбастықтарға өткен күндерде бастан кешкен естеліктерімен бөлісіп, кездесу соңында ізбасар азаматтарға батасын берді.