К 30-летию Независимости Казахстана | 26 мамыр 08:14

Әзірбайжанмен әріптестік

Бакуде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов арасында екі жақты кездесу өтті, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кездесу аясында жүк тасымалдау саласындағы бірлескен жұмыстың қорытындылары және серіктестіктің ұзақмерзімді перспективалық бағыттарының одан әргі қадамдары талқыланды.

 

Атап айтқанда, тараптар Қазақстан мен Әзірбайжан темір жолдары арқылы транзиттік жүк тасымалы сегментіндегі көлемнің оң қарқыны атап өтілді.

2021 жылдың 4 айында Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша контейнерлер транзиті 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе өсті және де 4,3 мың ЖФБ көлеміне жетті.

Ақтау порты – Баку порты (Алят) бағыты бойынша 2019 жылы іске қосылған фидерлік желі белсенді дамуда. 2021 жылғы қаңтар-сәуір кезеңінде 5 мыңнан астам ЖФБ тасымалданса, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 11% жоғары.