К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қазан 17:11

АЖК энергетиктері автокөлік жеңіп алды

Бүгін Ақтау қаласында энергетиктер арасында аяқталған дәстүрлі республикалық кәсіби сайыста "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өкілдері бас жүлдеге ие болды.

Осымен 15-ші рет өткен кәсіби шеберлік шарасына ел өңірлерінен ең үздік деген 7 команда қатысты деп хабарлайды "Самұрық-Энерго" компаниясының баспасөз қызметі.

 Тартысты өткен жарыс нәтижесінде 6 адамнан құралған "АЖК" мамандары 11-ші мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, автокөлікті тізгіндеп отыр.

Біз де әріптестер құттықтауына қосылып, мінсіз қызмет үлгісін көрсеткен алматылық энергетиктер қауымына алдағы уақытта да жемісті белестер тілейміз.