Шараға қатысқандар Үлкен Алматының бойын тазалаудан бұрын қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы, оны қайсысын қайта өңдеуге болатыны және оны қай жерде қабылдайтыны туралы кіріспе дәріс тыңдады.
«Бүгінде бүкіл әлем қоқыс сұрыптауды «үйден» бастаған маңызды екенін түсінеді. Біздің қоғамымыз да соған жақындап келе жатқаны қуантады. Алайда бұл жобаны толық іске асыру үшін жағдайдың әзірше жеткіліксіз екенін мойындау керек. Бүгін дәріс барысында біз күнделікті өмірде қолдануға болатын біраз пайдалы ақпарат алдық. Сондай-ақ компания басшылығына, атап айтқанда, Басқарма төрағасы Мұхит Әбікеұлына алғысымызды білдіреміз, ол бізді қолдап, экологиялық сенбілік өткізу үшін жұмыс күнін бөліп берді», - дейді Жастар кеңесінің мүшесі Зәуре Сахиева.
«АЖК» АҚ қызметкерлері Бостандық ауданының әкімдігі берген құралдарды қолына алып, қаланы абаттандыруға аттанды. Жас энергетиктер Үлкен Алматының жағалауын тазалап, қайта өңдеуге тапсыру үшін жиналған қоқысты сұрыптады.
«Мен бұл іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Өзіміздің маңызды рөлімізді сезіне білу, қоғам мен қоршаған ортаны дамытуға үлес қосу керемет екен. Мен қоқысты сұрыптау осыншалықты қызықты болады және ерекше сезім әкеледі деп ойламаппын», - деп өз әсерімен бөлісті жас буын өкілі Айдос Қайранбаев.
Эко-сенбілік барысында жас энергетиктер жағалаудың 2 шақырымдай аумағын тазалап, 60 қаптан астам қоқыс жинады, оның ішінде дені пластик қоқыс. Сұрыпталған қалдықтар «Kazakhstan Waste Recycling» компаниясының эко-мобилдеріне тиеліп, қайта өңдеу бекеттеріне жеткізілді. Іс-шара Эколог күніне орайластырылды.