Дизайны «Қазпошта» АҚ-мен келісілген марка енді ұлы тұлғаны тек әлем жұртшылығына танытып ғана қоймайды, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы бейнесі сан ғасырлар бойы ұрпақтар жадында сақталатын болады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес аталған министрліктің 2022 жылғы 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен көлемдерін бекіту және пошта айналымына енгізу туралы» бұйрығымен 2022 жылғы 3 маусымнан пошта маркасы 2 000 000 (2 миллион) дана мөлшерінде басып шығарылып, айналымға енгізілді.