"Самұрық-Қазына" қоры Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде 36 балабақша, 17 орта мектеп, 8 медициналық мекеме және тағы басқа мекемелер бар. Сонымен қатар, Қор тарапынан, Түркістан қаласында 7000 орындық стадион, Х.А. Яссауи атындағы мұражай, Конгресс-орталық және Оқушылар сарайы сынды 4 нысанның құрылысы қолға алынған.
Қор Арыс және Түркістан қалаларының нысандарын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 42,2 млрд теңге бөлді.
Қор жетекшісінің іссапары барысында мердігерлер компаниялардың басшылары құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталатынын жеткізді.
Еске сала кетсек, SK News тілшілері бұған дейін де Арыс қаласында болып, құрылыс жұмыстарынан репортаж жасаған еді.