К 30-летию Независимости Казахстана | 31 тамыз 09:51

Air Astana IATA Travel Pass қосымшасын тестілейді

Air Astana  2021 жылдың 2 қыркүйегі мен 16 қыркүйегі аралығында IATA Travel Pass қосымшасын Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан халықаралық бағытында тестілеуден өткізеді.

IATA Travel Pass мобильді қосымшасы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) жолаушылардың ПТР тесті мен вакцинация туралы ақпаратын шет елдердің санитарлық талаптарымен біріктіру үшін жасалған. Қосымша сонымен қатар ПТР тестін алуға арналған сертификатталған зертханалардың жаңартылған тізіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«IATA Travel Pass эпидемиологиялық шектеулер кезінде халықаралық рейстерді ерте жандандыруға көмектеседі, – деді Air Astana  әуе компаниясының жердегі қызмет жөніндегі вице-президенті Александр Небога. – Қосымша халықаралық рейстерді ұйымдастыруды оңтайландырады, жолаушыларға ұшатын елдің талаптарын тез білуге ​​мүмкіндік береді, жолаушылардың әуежай қызметкерлерімен байланысын азайтады, жалған ПТР тесті мен вакцинация сертификаттарының жағдайларын жояды».

Air Astana-мен бірге әлемнің 70-тен астам әуе компаниясы халықаралық бағыттарда IATA Travel Pass қосымшаларын тестілеп жатыр.