«Пандемияның сын-қатеріне қарамастан, жоғары қызмет көрсету өз маңыздылығын жоғалтпады, – деді Air Astana-ның президенті Питер Фостер. – Жолаушыларымызға сенімдері үшін, сондай-ақ аласапыран кезеңде қайсарлық танытқан әріптестеріме ризамын».
Skytrax зерттеуі жолаушылардың қанағаттанушылығын анықтау үшін жүргізіледі. 2019 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында 13 миллионнан астам жолаушы сауалнамадан өтті. Әуекомпаниялардың қызмет сапасы жердегі және борттағы қызмет көрсету өлшемшарттары негізінде бағаланды.
«Соңғы 18 ай бойы жалғасып келе жатқан әлемдік дағдарысқа қарамастан, Air Astana әуе компаниясы ұшу кезінде қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын ұстанып, «Орталық Азия мен Үндістанның үздік әуе компаниясы» санатындағы көшбасшылығын сақтап келеді», – деді Skytrax-тың бас директоры Эдвард Плейстед.