Air Astana 27 мамырдан бастап Алматыдан Бодрумға (Түркияға) қайтадан жолаушы тасымалдай бастайды.
«Бодрум – бәрінің сүйікті еліне айналған Түркияға қайта оралуға тағы бір себеп. Air Astana 27 мамырдан бастап әр сейсенбі мен жұма сайын Алматыдан қатынауды қайта бастайды» делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Air Astana жолаушыларға билет сатып алар бұрын Түркияға кіру шарттарымен танысуға кеңес береді.