К 30-летию Независимости Казахстана | 12 сәуір 09:00

Air Astana әуе компаниясында – Ашық есік күні

Компания ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізеді.

Air Astana әуе компаниясы 16 сәуірде Алматы қаласында болашақ бортсеріктер үшін Ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Мекен-жайы: Орманов 18, Авиациялық оқыту орталығы. Тіркеу: 08.30-10.00. Дресс-код: ресми.

Ашық есік күніне үміткерлер өзімен бірге түйіндемесі мен жеке куәлігін ала келуі керек.

Компания ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізеді. Бұған дейінгі шара Нұр-Сұлтан қаласында 2 сәуір күні ұйымдастырылған болатын.