К 30-летию Независимости Казахстана | 02 наурыз 16:36

Air Astana Алматы – Тбилиси – Алматы бағытымен аптасына 3 рейс жасайды

Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

16 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды.

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.