К 30-летию Независимости Казахстана | 13 шілде 09:20

Air Astana «Алматы марафонына» қатысушыларға жеңілдіктер ұсынады

«Алматы марафоны» 2022 жылғы 25 қыркүйекте өтеді.

Air Astana  әуе компаниясы ресми сайтында халықаралық қайырымдылық марафондардың бірі және Орталық Азиядағы ең үлкен спорттық шара саналатын «Алматы марафонына» қатысуға шақырып, жеңілдіктер ұсынатынын хабарлады.

Оған сәйкес, Air Astana марафонға тіркелген қатысушылар үшін Қазақстан қалаларынан және халықаралық бағыттардан Алматыға ұшатын рейстер үшін эконом және бизнес-класс бағаларына 15 пайыздық жеңілдік ұсынып отыр.

Жарыс бағдарламасы келесі қашықтықтарды қамтиды:

Марафон (42 км 195 м) – 10 000 теңге; Экиден командалық эстафетасы (42 км 195 м) –  бір команда үшін 150 000 теңге; Жартылай марафон (21 км) – 9000 теңге; Скандинавиялық жүріс (10 км) – 8000 теңге; Спутниктік жүгіріс (10 км) – 8000 теңге.

Жарыс Алматының қаланың басты көрікті жерлерінен, соның ішінде Тұңғыш Президент саябағынан, Алматы қаласының іскери орталығынан және Орталық стадионнан өтеді.

Марафонға тіркелу үшін Air Astana сайтындағы форманы толтыру қажет.