К 30-летию Независимости Казахстана | 12 февраля 12:46

Air Astana Баку бағыты бойынша рейстер жиілігін арттырады

Наурыз мерекесін атап өтуге орай, Air Astana Алматыдан Баку қаласына тікелей рейстерді қайта іске қосып, Әзербайжан астанасына ұшу жиілігін арттырады.

Алматы – Баку – Алматы бағыты бойынша рейстер:

15 наурыздан бастап: аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) Сәуір айынан бастап: аптасына 3 рейс Мамыр айынан бастап: аптасына 4 рейс (дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі) Жаңа кестеге сәйкес, рейстерді ыңғайлы жоспарлау үшін күндізгі ұшу және қону уақыттары қарастырылған.

Атырау – Баку – Атырау бағыты бойынша рейстер:

18 наурыздан бастап: аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) Сәуір айынан бастап: аптасына 3 рейс (сейсенбі, бейсенбі және сенбі)

Ұшу уақыты:

Алматыдан: 3 сағат 35 минут Атыраудан: 1 сағат 25 минут

Билет бағасы (барлық алымдар қосылған):

Алматыдан: 157 182 ₸ бастап Атыраудан: 97 093 ₸ бастап

Билеттерді ресми сайтта, Air Astana мобильді қосымшасында және аккредиттелген туристік агенттіктерде сатып алуға болады.

Қазақстан азаматтарына Әзербайжанға саяхаттау үшін виза қажет емес.