Черногорияның астанасы Подгорицаға рейстер жаңа жайлы Airbus 321LR лайнерімен бейсенбі мен жексенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, ал дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері Алматыдан жүзеге асырылады.
Нұр-Сұлтаннан рейстер сағат 08:50-де ұшып кетіп, Подгорицаға сағат 10:55-те ұшып келеді және Подгорицадан сағат 12:00-де ұшып кетіп, Нұр-Сұлтанға 21:20-да ұшып келеді. Алматыдан рейстер сағат 07:30 -да ұшып кетіп, Подгорицаға 10:25-те ұшып келеді, ал Подгорицадан кері қарай 11:30-да ұшып кетіп, Алматыға 21:25-те ұшып келеді.Екі бағыттағы билеттердің құны салықтарды ескере отырып, эконом-класта 252 255 теңгеден, ал бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Брондау әуекомпаниясының airastana.com сайтында қолжетімді.
Қазақстан мен Черногория арасындағы рейстер 2021 жылғы жазғы кестесінің бөлігі болған және Адриатика жағалауында демалғысы келген көптеген туристерді қызықтырды. Черногорияға сапар жоспарлаған жолаушыларға ПТР тесті мен вакциналау паспортын алудың керегі жоқ. Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.