К 30-летию Независимости Казахстана | 05 июня 15:39

Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді

Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр. Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты ұшулар Пәкiстан арқылы қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орындалады.

Ұшу кестесі кезең-кезеңмен кеңейтілетін болады: Алматы-Дубай-Алматы 15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі) 22 - 28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі) 29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа) 6 - 12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)   Астана-Дубай-Астана 10 - 19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі) 20 - 26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) 27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер) 3 - 9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын) Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап - Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап - Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.