Сонымен қатар, 17 қыркүйектен бастап Алматыдан Ыстамбұлға қосымша жиілік енгізіледі. Осылайша, рейстер жиілігі аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері болады. Бейсенбіде Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға бір рейс орындалады.
Cондай-ақ, Нұр-Сұлтаннан Лондонға 18 қыркүйектен рейстердің жандануы туралы естеріңізге саламыз. Рейстер аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Қазіргі таңда Air Astana компаниялар тобы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда халықаралық рейстердің 60% қалпына келтірді.
Сонымен қатар, қыркүйек айында ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері мен өзге азаматтар санаттары үшін Алматыдан Санкт - Петербургке чартерлік рейстер ұйымдастырылады.