Air Astana әуе компаниясы жаңа «Есіктен – есікке дейін» MyMAIL пошта қызметін іске қосқанын хабарлады. Жедел пошта қызметіне https://mymail.airastana.com/ сайтында тапсырыс беруге болады. Ол үшін сәлемдеменің типі мен салмағы, сондай-ақ, жіберуші мен алушының мекен-жайы туралы ақпаратты жазу қажет.
Қызмет құны әуежайлар арасындағы қашықтыққа байланысты есептеледі. Сәлемдеменің жеткізілу барысын тапсырыс номері арқылы бақылауға болады.
Қандай сәлемдемелер жіберуге болады:
Салмағы 5 келіден аспайтын хат; Салмағы 5 келіден аспайтын және 35х45х15см өлшемінен артық емес сәлемдеме; Құжаттардың түпнұсқалары (оның ішінде паспорт, жүргізуші куәлігі және т.б.).