К 30-летию Независимости Казахстана | 15 мая 11:02

Air Astana-ға 24 жыл!

Бүгін, 15 мамырда, Air Astana алғашқы жолаушылар рейсін орындағанына 24 жыл толуын атап өтуде.

Осы уақыт ішінде әуе компаниясы 3 ұшағы бар шағын тасымалдаушыдан 63 әуе кемесінен тұратын флотты пайдаланатын әрі Азия, Еуропа және әлемнің өзге өңірлеріне 14-тен астам ішкі және 44 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындайтын Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі авиациялық топқа айналды.

24 жыл ішінде Air Astana 94 миллионнан астам жолаушы тасымалдап, Қазақстандағы ең танымал компаниялардың біріне, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы мен ұшу қауіпсіздігі саласындағы халықаралық марапаттардың иегеріне айналды.

Air Astana маршруттық желісін едәуір кеңейтіп, халықаралық бағыттарын әртараптандырды, заманауи әуе кемелері паркін ұлғайтты және жаһандық сын-қатерлерге қарамастан дамуын жалғастырып келеді. Компания кадрлық әлеуетті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға тұрақты түрде еңбек етуде. Соның ішінде ұшқыштар мен авиациялық инженерлерді даярлауға арналған жеке бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

«24 жыл бойы Air Astana тұрақты дамып, маршруттық желісін кеңейтіп, әуе паркін жаңартып және авиация мамандарын даярлауға инвестиция салып келеді. Осы жылдар бойы бізге сенім артып, таңдау жасаған жолаушыларымызға, сондай-ақ күн сайынғы кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін ұжымымызға шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Air Astana-ның бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.