«Air Astana мен FlyArystan екі бренді ішкі бағыттар бойынша өзін жақсы қырынан көрсетті. Нарықтың сенімді өсімі мен қазақстандықтардың теміржол тасымалына қарағанда әуе тасымалын таңдау Қазақстанды әуе тасымалының жедел өсіп жатқан ішкі нарығына айналдырды. Жолаушылар айналымы 2019 жылға қарағанда 31 пайызға өсті. Бұған FlyArystan-ның төмен бағадағы тарифі сеп болды», – дейді Air Astana президенті Питер Фостер.
2019 жылдағы көрсеткішке қарағанда халықаралық тасымал 45 пайызға орындалатынына қарамастан, Фостердің айтуынша: «нәтижелердің жақсаруына аймақтық бағыттардың табысының артуы, Мальдив аралдары, Қызыл теңіз, Черногория, Дубай, Түркия, Грузия мен Шри-Ланка сияқты курорттық бағыттарға сұраныстың артуы, сонымен қатар Boeing 767 жартылай жүк ұшағы орындайтын жүк чартерлері жақсы әсер етті».
Дегенмен Фостер екінші жартыжылдықтың нәтижелерін сақтықпен болжап отыр:
«Қазақстанда және басқа да мемлекеттерде коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері артты. Қалыпқа келудің тұрақтылығы Covid-тің жаңа штамдарының пайда болуы мен жаппай вакциналау нәтижелеріне орай өзгеруі мімкін».