Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің теңгерімін орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл рәсімді қауымдастыққа мүше әуекомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді.
Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Рәсім құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтылыссыз лотереяға қатысады.
Air Astana әуекомпаниясының билеттерінің бағасына салмақ өлшеу рәсімі әсер етпейтініне және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылатынына назар аударады.