К 30-летию Независимости Казахстана | 23 мамыр 11:20

Air Astana Грек республикасына әуе рейстерін ашады

Рейстер Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан жасалады.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек республикасының авиациялық билік орындары арасында жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап «Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO типті әуе кемесінде орындалады.

Жаңа әуе бағыттарының ашылуы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің шығу және келу туризмін табысты дамытуға ықпал ететін болады.