Осыған байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады.
«Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады», - делінген әуекомпания хабарламасында.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.