К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қыркүйек 09:00

Air Astana ішкі рейс билеттерін 1 қазаннан бастап арзандатады

Қазақстан бойынша маршруттарда эконом-класс билетінің жоғарғы тарифі 10%-ға төмендейді.

Air Astana әуе компаниясы 1 қазаннан бастап ішкі рейс билеттерінің бағасын төмендетеді.

«Қазақстан бойынша маршруттарда эконом-класс билетінің жоғарғы тарифі 10%-ға төмендейді. Оның үстіне егер макроэкономикалық көрметкіштер мен монополиялық жеткізуішілердің тарифтері тұрақты болса, билеттердің 70 пайызы жылдық перспективада төменгі және орташа тарифтермен сатылады», – делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.

Ұлттық әуе тасымалдаушы негізгі серіктестер, оның ішінде Алматы халықаралық әуежайы баға тұрақтылығын сақтайды деп сенім артып отыр.

«Бізді алда каникулдар мен үлкен мерекелер күтіп тұр. Бұл туыстар мен жақындарға баратын уақыт. Сол үшін біз жолаушылардың билетті қолжетімді бағада алуына жағдай жасамақпыз. Сенімділік үшін билетті әуе компаниясының сайтынан не аккредиттелген агенттіктерден алыңыз», – деді Air Astana табыстарды басқару жөніндегі вице-президенті Ерболат Байсалықов.