Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.