К 30-летию Независимости Казахстана | 03 ақпан 16:13

Air Astana Мәскеуге ұшу жиілігін арттырады

Air Astana Қазақстаннан Мәскеуге рейстер санын арттырады, деп хабарлайды SKnews компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді Нұр-Сұлтаннан Домодедовоға аптасына 2 рет: сәрсенбі және жексенбі күндері қатынауға болады. Алматыдан Мәскеуге тікелей рейс 5 ақпаннан бастап жұма күндері қайта орындала бастайды.

Ресейге кіруге тек Ресей мен Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Ресейге келген барлық шетелдік азаматтар (оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар) сауалнаманы толтырып, өздерінде ұшуға үш күн бұрын алынған теріс нәтижесі бар ПТР тест анықтамасы болуы керек. Сондай-ақ, Ресей азаматтары мемлекеттік қызметтер порталында үлгіні сапарға шығар алдында толтыруы керек, ал Ресей Федерациясына келген күннен бастап 3 күн ішінде олар ПТР тестін тапсырып, сол сайтта тест нәтижесін жүктеу керек.

Транзиттік жолаушылар шектеусіз қабылданады, дегенмен ақырғы баратын елдің ережелері есепке алады. Транзиттік жолаушыларда да ПТР анықтамасы болуы тиіс. Сондай-ақ, балалар тест тапсыруы керек. Санитарлық талаптар туралы толығырақ ақпарат әуе компаниясының сайтында жарияланған.