Максималды сыйымдылығы 166 орын құрайтын ұшақ ішінде 151 жолаушы болды. Кейінгі рейстердің жүктемесі де 90% дан жоғары болмақ. Мальдив аралдарына рейстер аптасына екі рет: сәрсенбі мен сенбіде жүзеге асырылады.
Сұраныстың жоғарылығына байланысты дүйсенбідегі қосымша жиілік 14 желтоқсанда күтілгеннен ерте енгізіледі және 18 қаңтарға дейін болады. 16 желтоқсаннан 16 қаңтарға дейін рейстер кең шанақты Boeing 767 ұшағында орындалады.
Мальдив Республикасына ұшып келген әр жолаушының ағылшын тілінде теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болуы қажет. Анықтама материал жиналған сәттен бастап ұшып келуге дейінгі 96 сағат ішінде жарамды.