Электронды газет пен журналдарды жеке құрылғыңызға рейске дейін және рейстен кейін келесі сілтеме арқылы жүктеп ала аласыз: https://airastana.com/kaz/kk-kz/Qyzmetterimiz/Ushaq-bortynda/Elektrondyq-baspa
«Пандемия кезінде аталған жаңа қызмет өзекті әрі маңызды. Өйткені коронавирустың таралу қаупін азайтады. Media Carrier компаниясымен серіктестік нәтижесінде борттағы түрлі басылымның жаңа нөмірлерін жеке гаджеттерден оқуға мүмкіндік бар», – дейді Air Astana Жобалар бойынша менеджері Әйгерім Жамбыл.
Жаңа қызмет қағаз бен жанармайды үнемдеуге, сондай-ақ ұшар алдындағы дайындықты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Басылым уақытылы жаңартылып отырады.