Әуе компанияның барлық A321LR ұшақтары екі класты жинақта ұсынылады: бизнес-класс 16 орынға, эконом-класс – 150 орынға есептелген. Бизнес-кластағы толық жазылатын креслолардың барлығы 16 дюймдік монитормен жабдықталған, ал төртеуінде көбірек бос орын қалдырылған. Эконом-класта 10 дюймдік жеке экраны бар Recaro креслолары орнатылған. Жаңа Airbus A321LR алғашқы рейсі әзірше 2020 жылдың наурызына жоспарланған. Осы үлгідегі ұшақтар Мәскеуге, Парижге, Лондонға және Ыстамбұлға қатынайтын болады.
Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықта Air Astana үш жаңа Airbus A320neo алуды жоспарлап отыр. Ұшақтар тікелей Гамбург пен Тулузадағы (Франция) Airbus зауыттарынан келеді. Ұшақтар Pratt & Whitney қозғалтқыштарымен жабдықталған. Бүгінгі таңда Air Astana әуекомпаниясының паркінде 19 Airbus ұшағы бар. Оның ішінде сегіз A320, екі A321, үш A320neo, төрт A321neo және екі A321LR. Әуе компаниясы алдағы жылдары тағы 9 Airbus әуе кемесін алуды жоспарлап отыр.
Air Astana "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ (51%) мен BAE Systems (49%) бірлескен кәсіпорны болып табылады. Әуекомпаниясы 2002 жылдың 15 мамырында тұрақты ұшуларды бастады. Бағыттық желі 60 астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Әуе флоты Boeing 767/757, Airbus A320/А320neo, A321/A321neo, А321LR және Embraer E190/E190-E2 36 ұшағынан тұрады.
Air Astana – Skytrax сыйлығының «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» номинациясының сегіз дүркін лауреаты, 2018 және 2019 жж. "Өңірлік Азиялық тасымалдаушы" номинациясында TripAdvisor «Travellers’ Choice Awards» сыйлығының иегері. 2018 және 2019 жж. "Ірі өңірлік әуекомпаниялар" номинациясында АРЕХ рейтингінде 5 жұлдыз иегері.