К 30-летию Независимости Казахстана | 09 желтоқсан 10:49

Air Astana Ташкентке енді жиі ұшады

9 желтоқсаннан бастап тікелей рейстер Алматыдан Ташкентке сәрсенбі және сенбі күндері, ал ертең елордадан бейсенбі күндері орындалады.

Өзбекстанға келген барлық жолаушылар коронавирус жоқтығын растайтын анықтамасын ұшып шыққанға дейінгі 72 сағаттан аспай алуы керек, сондай-ақ, Ташкентке келгенде 14 күндік карантинде болуы тиіс (үйде немесе қонақ үйде өз есебінен). ПТР тест 2 жасқа дейінгі балаларға керек емес. Транзиттік жолаушыларға Ташкент арқылы басқа елдерге ұшуға тыйым салынады.

Қазақстанға шет елдерден келетін барлық жолаушылардың коронавирусқа ПЦР тестінің теріс нәтижесін растайтын анықтамасы болуы керек. Әйтпесе, Қазақстан азаматтары атажұртқа оралғаннан кейін 3 күндік карантинге орналастырылады, ал шетелдік азаматтар бортқа қабылданбайды.