К 30-летию Независимости Казахстана | 27 сәуір 10:51

Air Astana Түркияға ұшатын рейстер санын қысқартады

Air Astana әуекомпаниясы үкіметтің шектеулеріне байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Анталья мен Ыстамбұлға рейстердің қысқарғаны туралы хабарлайды.

28 сәуірден мамыр айының соңына дейін әуекомпания сейсенбі мен жексенбі күндері Алматы-Ыстамбұл, бейсенбіде Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл, сенбіде Алматы-Анталия рейстерін жалғастырады.

Қысқарған рейстердің жолаушыларына әуекомпаниясы хабарлама жібереді және сатып алған жерінде ақшаны толығымен қайтара алады. Сондай-ақ олар билеттердің басқа күндерге мен бағыттарға ауыстыра алады (тариф айырмасы үшін қосымша төлеу тиіс).

Әуе компаниясы қолданыстағы кестеге сәйкес тоқтатылған рейстерге тапсырыс берген Анталиядағы жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады.

Air Astana жолаушылардың ыңғайсыздығына өкінеді және әуекомпаниясының сайтындағы және әлеуметтік желілердегі жаңартуларды қадағалауды сұрайды.