К 30-летию Независимости Казахстана | 23 тамыз 10:20

Air Astana Ұлыбританияға тұрақты рейстерді қайта іске қосады

Әуе компаниясының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстері 2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап қалпына келеді. Ұшақ аптасына 2 рет – сәрсенбі мен сенбі күндері қатынайды.

Рейстер A321LR ұзақ магистралды әуе лайнерімен орындалады. Лондонға дейін ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минут және қайтарда 6 сағат 30 минут.

Негізгі эконом-класс тарифі барлық салықтарды қосқанда екі бағыт бойынша 284 535 теңгеден басталады. Билеттерді airastana.com веб -сайтында және меншікті сату кеңселерінде, Ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ, әуекомпания мен IATA аккредиттеген агенттіктерде брондауға болады.

Ұлыбританияға баратын жолаушыларда вакцинациялау мәртебесі мен азаматтығына қарамастан, коронавирустық инфекциясы жоқ туралы анықтамасы болуы қажет. ПТР тесті ұшудан 3 күн бұрын жүргізілуі тиіс және Ұлыбритания талаптарына қатаң сәйкес болуы керек.