К 30-летию Независимости Казахстана | 03 желтоқсан 11:14

Air Astana ұшақтарын күрделі жөндеуге кірісті

"Air Astana" әуе компаниясы Алматы әуежайындағы техникалық базасында "Airbus A320 neo" ұшағының алғашқы "C-check" ауыр жөндеу жұмысын орындады. Осы орайда, Компания, ағымдағы жылдың қазан айында осындай күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін "EASA" еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің сертификатын алғанын айта кету керек.

Сертификат "Airbus 319/320/321" ұшақтарында жөндеудің күрделі түрлерін (C-check) орындауға мүмкіндік береді. Бұдан бұрын әуе компаниясы өз ұшақтарына және Қазақстанға ұшатын өзге әуекомпаниялардың ұшақтарына базалық техникалық қызмет көрсетумен шектелген.

"С-check" жұмысы "S7 Technics" компаниясы мамандарының басшылығымен 10 күн бойы өткізілген. Сондай-ақ Air Astana-ның инженерлері мен мамандары салонды былайғы жөндеуді және 170-тен астам жұмысты орындаған. С-check-ке дайындалу үшін 11 ай ішінде әуе компаниясының инженерлері Мәскеудегі "S7 Technics" базасында оқудан өткен.

Бұған дейін Air Astana мен S7 Technics Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ұшақтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны белгілі. S7 Technics келісім аясында Air Astana мамандарына ауыр жөндеу жұмыстары бойынша кеңес береді және оқытады. Серіктестік Air Astana техникалық қызмет көрсету базасы мен S7 Technics базалары арасында құралдар мен жабдықтарды бірлесіп пайдалануды және алмасуды көздейді.

"Басты міндет – ұшақтарға қызмет көрсетудің ауыр түрлерін дербес орындау есебінен әуекомпанияның шығындарын азайту. Осылайша тәжірибе мен әлеуетті кеңейте отырып, сыртқы тапсырыс берушілер үшін техникалық қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Сондықтан С-check орындауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтей аламыз. Бұл қадамдар алдағы жылдары орындалады деп күтеміз", – дейді "Air Astana" компаниясының инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Кит Уордл.

"Бұл S7 Technics тарихында осы іспеттес алғашқы жоба. Бірақ авиациялық индустрияда провайдер тапсырыс берушіге өз құзыреттерін дамытуға көмектесетін мысалдар бар. "Air Astana" әуе компаниясы үшін базалық техникалық қызмет көрсету саласында өз құзыреттерін дамыту – шығынды қысқартуда қисынды болғаны анық", – дейді "S7 Technics" компаниясы бас директорының маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Игорь Паньшин.

Air Astana Нұр-Сұлтан қаласындағы техникалық орталығында алғашқы С-check-інді 2020 жылы орындамақ.