– AIX сауда қызметін жүргізіп жатқан төрт жыл ішінде біз шетелдік те, жергілікті инвесторлар үшін де қолайлы әлемдік деңгейдегі интеграцияланған капитал нарығын құра алдық. Шоттар саны төрт есеге өсіп, 415 мыңнан асты. Біздің тәжірибемізде екі сәтті өткен Қазақстанның ірі компаниялары – Қазатомөнеркәсіп пен Kaspi-дің табысты IPO-лары бар.
AIX-те сауда жасау арқылы инвестор ашық, әділ және реттелген нарықта жұмыс істейтініне, мәмілелер бойынша дәл және уақытылы есеп айырыса алатынына, әділ баға бойынша сауда-саттық жасалатынына сенімді бола алады.
Бүгінгі таңда AIX жүйесінде 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік брокерлер тіркелген, олар арқылы IPO-ға қатысуға және қор биржасында бағалы қағаздармен сауда жасауға болады.
Сондай-ақ, «Табыс» қосымшасына және Қазақстан бойынша мыңнан астам Қазпошта бөлімшелеріне тікелей жазылу арқылы ҚазМұнайГаздың IPO-сына қатысуға болады.
Дереккөз: Samruk-Kazyna official Telegram-арнасы