К 30-летию Независимости Казахстана | 10 ақпан 09:20

Ақауды анықтап, апаттың алдын алды

2022 жылдың 11 қаңтарында пойызға техникалық қызмет көрсету барысында Қарағанды – Пассажирская станциясының вагон тексеруші-жөндеушілері Нұрболат Серіков пен Дәуіржан Сайлау оңайлықпен байқала қоймайтын доңғалақ жұптарының ақауларын анықтады. Ақаулық пойыздың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді.⠀

Қараушылар өз жұмыстарына адал қарағаны үшін Қарағанды ЖТ бөлімшесі басшылығымен Құрмет грамоталарымен марапатталды. ⠀

Нұрболат Серіков 27 жаста. 2017 жылы кәсіптік лицейді бітіргеннен кейін теміржолға келді. Еңбек жолын локомотивтерді отынмен қамтамасыз етуден бастаған. 2018 жылдан бастап Қарағанды вагон пайдалану депосының тексеруші – жөндеушісі болып жұмыс істейді. Әріптесі Дәуіржан Сайлаудың теміржолдат еңбек еткеніне төрт жыл болды. Ол локомотивтерді жабдықтаудан бастады. Бір жыл бұрын тексеруші-жөндеуші лауазымына ауыстырылды. Дәуіржан Сайлау Қарағанды теміржол колледжін вагон жөндеу слесары мамандығы бойынша бітірген. Ол 22 жаста.