Қор басшысы 2020 жылға арналған басты бірлескен міндет Жекешелендіру бағдарламасы аясында ірі қоржындық компаниялар - "Эйр Астана" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ тараптарын IPO/SPO-ға шығару екенін атап өтті. Осы міндет шешілгеннен кейін Қордың Жекешелендіру бағдарламасында 2023 жылға жоспарланып отырған "ҚТЖ" ұлттық тасымалдаушысының IPO-ға шығуы туралы тармағы қалады.
Ахметжан Есімов қазақстандық трейдерлер үшін отандық қаржы алаңында үлкен мүмкіндіктер барын келтірді.
"Өткен жылы "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын орналастыру кезінде сатылған акциялардың 85%-ы Лондон биржасында, 15%-ы "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасында орналастырылды. Осы жылы акциялардың жартысынан астамы Орталықта сәтті орналастырылды",- деді Ахметжан Есімов.
Орталық басқарушысы Қайрат Келімбетов те "Самұрық-Қазынамен" ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
"Самұрық-Қазына" мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы серіктестігі Орталық құрылған сәттен бастап тұрақты сипатқа ие. AIX алаңында қазірдің өзінде "Қазатомөнеркәсіп" акцияларының табысты орналастырылуы өткізілді. Бұл Қорға акционерлік капиталды тартуға да, биржаның мүмкіндіктерін көрсету тұрғысынан да көмектесті. 2020 жылы біз "Самұрық-Қазына" мен Орталықтың өзара бағалы қағаздар шығару тұрғысынан да, Орталықтың юрисдикциясымен өзара іс-қимыл тұрғысынан да жаңа деңгейге шығуды жоспарлап отырмыз".