"Дөңгелек үстіндегі емхана" аталып кеткен бұл пойыздар арқылы шалғай ауылдардағы ағайынға терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, хирург, уролог, гинеколог, маммолог, стоматолог сияқты білікті мамандардың қызметін пайдаланудың тамаша мүмкіндігі туып тұр. Сонымен қатар, аталған жылжымалы құрамдар қазіргі заманғы спирометрикалық жүйемен, соңғы үлгідегі эхоэнцефалограф, кардиология, рентген, тіс, мұрын-құлақ, көз ауруы құралдарымен жабдықталған.