Дәстүр бойынша астық пен ұнтақ өнімдері жабық вагондармен және астық тасымалдаушылармен Орталық Азия елдеріне, Иранға, Ауғанстанға, Қытайға және Ресейге, контейнерлерде - Вьетнамға, Қытайға, Түркияға, Италияға және басқа елдерге жөнелтіледі.
Астық жүктерінің қозғалу жылдамдығын арттыру үшін маршруттық шаттл-пойыздар қалыптастырылады. Биыл Ақмола өңірінен 380 астам астық маршруттары жөнелтілді. Теміржолшылар атап өткендей, парктің тиімді әрі ұтымды жұмысы жолға қойылғанда ғана жаңа өнім тасымалданады, жылжымалы құрамның тапшылығы болмайды.
Өңірлерде және ҚТЖ орталық деңгейінде биылғы астықты тасымалдауды ұйымдастыру үшін астық штабтары мен топтарының жұмысы күшейтілді. Барлық туындаған мәселелер жедел шешіледі.
Штаб апта сайын мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, астық трейдерлерінің және ірі жүк жөнелтушілердің қатысуымен кеңестер өткізіп келеді.