Жаңа мектеп жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына сай келеді. Білім ордасында қосымша білім беру сабақтарын өткізуге арналған кабинеттер, хореографиядан робототехникаға дейінгі әртүрлі үйірмелер бар, қауіпсіздік камералары мен дабыл түймелері орнатылған.
Оқушыларды мектеп ашылуымен аймақ басшысы Марат Ахметжанов пен ҚР ІІМ министр орынбасары Игорь Лапеха құттықтады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының арқасында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешіп, ауыл мен қалалардағы ұстаздар мен оқушыларға бірдей жайлы әрі қауіпсіз орта жасалып отыр. Өскелең ұрпақтың балалық шағын бақытты ету – жалпыұлттық мақсат», - деді облыс әкімі.
Мұнда қонақтарға тұңғыш ашылған жас жол инспекторларының кабинеті, сондай-ақ, кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы таныстырылды.
«Өткен жылы өзіміздің кішігірім ауылымызда астаналық мектептерден ешбір жері кем емес осындай заманауи, әдемі мектеп ашылады деп елестете де алмап едік. Енді міне немерем жаңа мектептің табалдырығын аттады. Ел болып қуанып жатырмыз», - деді ауыл тұрғыны Гүлнұр Аманова.
Еске сала кетейік, мектеп орта білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша салынды. «Samruk-Kazyna Construction» жайлы мектептердің құрылысына жауапты бірыңғай дирекция болып табылады.