Нысан 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мектепті жобалау, салу және жабдықтау мәселелерін талқылай отырып, Басқарма Төрағасы өңір басшысынан жайлы мектептер үшін жиһаз таңдау бойынша арнайы комиссия құруды сұрады. Айманбетовтің айтуынша, жиһазды іріктеу жөніндегі комиссияға білім беру саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, білім және кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, мектеп директорлары және олардың әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілі кіруі тиіс.
«Педагогтар, директорлар және олардың әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары әр сынып үшін жиһазды өздері таңдаса дұрыс болады. Олар қандай парталар, орындықтар, шкафтар қажет екенін жақсы біледі әрі жиһаздың сапалы және балалар үшін барынша ыңғайлы болғанын қалайды. Құрылысшылардың міндеті – мектепті уақытында тапсыру, ал жиһаздың түсін, материалын, дизайнын пайдаланушылар анықтауы керек. Біз, өз кезегінде, бәрін мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасына қосамыз», - деді Samruk-Kazyna Construction басшысы.
Сондай-ақ, кірме жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды жобалау және салу мәселелері талқыланды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ел бойынша 369 орта білім беру нысаны салынады, оның 18-і Ақмола облысында. Өңірде 9 мектептің құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Қалған 9 мектеп 2025 жылдың соңына дейін есігін айқара ашады. Бұл облыс бойынша 22,6 мың (екі ауысымда 45,2 мың) жаңа оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.