«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның түлектеріне бизнеске қажетті жабдықты сатып алуға 500 000 теңге көлемінде грант ұсынылады.
Ақмола облысы бойынша барлығы 50 тұрғынды оқыту жоспарлануда. Қажетті тізімді жергілікті әкімдік даярлайды. Жоба көп балалы және аз қамтылған, сондай-ақ жалғызбасты және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға арналған.
Айта кетейік, жоба пилоттық нұсқа ретінде өткен жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған болатын.