Теміржол желісінен екі метрдей жердегі орман қоршауында құрғақ шөптердің өртеніп жатқанын көрген. Машинист бірден радция арқылы Көкшетау станциясындағы кезекшілерге хабар берді.
Өрт шыққан жерге Көкшетау станциясынан өрт сөндіру пойызы мен жол шаруашылығы қызметкерлері жіберілді. Пойыз ТЖД-нің өрт сөндіру автоцистерналарын суға толтырып алып шықты. Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД-дан 57 адам мен бес техника жұмылдырылды.
Сағат 21.57 кезінде өрт залалсыздандырылды. Мамандар өрттің алдын ала себебін белгісіз біреулердің отқа абайсыз қарауы деп отыр.