Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның материалдық-техникалық жабдықтары ұзақ уақыттан бері жаңармаған.
Жаңа рентген аппараты жинақы, көп пациентті қабылдауға жеткілікті қуатқа ие, сондай-ақ сәулелену деңгейі төмен, ал диагностика жылдамдығы жоғары. Бұл жабдық амбулаторияда көрші Сайын ауылынан келген пациенттерді де қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Ақшұқыр амбулаториясының тәжірибелі рентген мамандары кеуде қуысының, жүрек-тамыр жүйесінің және т.б. диагностикасын мүмкіндігінше қолайлы жағдайда жүргізуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар жаңа аппарат сүйектердің, буындардың және жұмсақ тіндердің зақымдануын анықтауға мүмкіндік береді. Осының арқасында 25 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы диагностикадан өте алады.