К 30-летию Независимости Казахстана | 26 желтоқсан 09:25

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: ҚазМұнайГаз қаза тапқан әріптестерінің отбасына көңіл айтты

Қайтыс болғандар арасында компанияның еншілес ұйымы мен мердігерінің қызметкерлері бар. ​

Кеше Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағында болған қазақстандықтардың арасында ҚазМұнайГаз компаниясының еншілес ұйымы мен мердігерінің қызметкерлері бар.

Олар:

Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетті. «Өзенмұнайсервис» ЖШС – ҚМГ-ның еншілес мекемесі. Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек салада 16 жыл еңбек еткен. «МұнайФилдСервис» ЖШС – «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мердігер ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы Ақтау қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтады «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз», – делінген компанияның хабарламасында.

Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрліні қазақ болған қазақстандықтардың тізімін жариялады.