Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Ақтау порты арқылы жүк тасымалдау 66 пайызға өсті.
2022 жылдың 10 айында Ақтау теңіз порты арқылы 3,2 млн тонна жүк ауыстырылып тиелді, бұл өткен жыл деңгейінен 7%-ке жоғары:
мұнай 1,9 млн астам тоннаны (+7%) астық 385 мың тоннаны құрады контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 17%-ке, яғни 26,4 мың ЖФЭ-ге (жиырма футтық эквивалент) дейін өсті.Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемі өткен жылға қарағанда 66%-ке ұлғайды және де 23,8 мың ЖФЭ-ні құрады.
Ақтау теңіз порты Қазақстан, Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркияны байланыстыратын көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан.