Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ), «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін және басқа да бағыттарды дамыту орта мерзімді перспективада Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемін бес есеге арттыруы мүмкін.
Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі болашақ көлемдерге жүргізген алдын ала бағалауынша, көлік және логистикалық қуат дамыған жағдайда, 2030 жылдан 2035 жылға дейінгі кезеңде Каспий торабындағы көлемдердің өсуі жылына кемінде 1 млн.ЖФЭ контейнерді құрайды.
Бұл шараларды орындау 2030 жылға қарай тасымалдау көлемін үш есеге 11 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Транзиттік жүктер көлемінің басым бөлігі Еуропа мен Қазақстан арасындағы, сондай-ақ Еуропа мен Қытай арасындағы саудаға тиесілі болады. Бұл ретте шамамен 4 млн тонна контейнерлік тасымалдарға болжамды сұранысқа байланысты болады.
Ақтау портын жаңғырту мен дамытудың барлық кезеңдерін іске асыру отандық және шетелдік инвесторлардың басқаруымен off-dock терминалдарының (порт аймағының артқы жағындағы терминалдар) дамыған инфрақұрылымдық желісін құруға мүмкіндік береді және теңіз айлағының өткізу қабілетін жылына 960 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізеді.