К 30-летию Независимости Казахстана | 07 ақпан 08:02

Ақтау портында контейнерлік хаб бой көтереді

«KTZ Express» АҚ Қытайдың Ляньюньган портының (Lianyungang Port Group Ltd, KPMC Ltd) және «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерімен бірлесіп «Ақтау контейнерлік хабының құрылысы» жобасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, 2024 жылғы 1-2 ақпанда Ақтау қаласында өткен жұмыс кездесуі барысында тараптар Каспий өңірі мен Орталық Азия елдері үшін контейнерлік сервис пен паркті қамтамасыз ету орталығына айналатын контейнерлік хаб құрумен байланысты негізгі мәселелерді талқылады. Кездесуде техникалық-экономикалық негіздеме және жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Кездесу соңында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді және қажетті құжаттарға қол қойылды. Географиялық орналасуы арқасында Ақтаудағы контейнерлік хаб жүктерді қабылдаудың негізгі орталығына айналуға, оларды Солтүстік – Оңтүстік және ТХКБ дәліздерін қоса алғанда, әртүрлі көлік бағыттары бойынша бөлуді қамтамасыз етуге арналғаны атап өтілді.