К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қараша 11:32

Ақтау теңіз порты 10 айда жүк ауыстырып тиеуді 22% арттырды

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Ақтау теңіз сауда порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 3,8 млн тоннаны құрады.

Порт 162 мың тонна астық, 142 мың тонна метал, 52 мың тонна цементті ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті. 3 млн тоннадан астам мұнай өңдесе, бұл өткен жылғы деңгейден 54% жоғары. Өсім Ақтау порты арқылы Баку – Тбилиси – Жейхан бағытына қазақстандық мұнай экспортын ішінара қайта бағдарлау есебінен болды.

Порт арқылы жиырма футтық эквивалентте 19 мыңнан астам контейнер (ЖФЭ), оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша - 13,5 мыңнан астам ЖФЭ тасымалданды.

Ақтау теңіз порты Қазақстан, Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркияны байланыстырады.