К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қыркүйек 16:05

Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 24% артты

2023 жылдың 7 айында Ақтау теңіз сауда порты арқылы 2,6 млн тоннадан астам құрғақ және мұнайлы құйылмалы жүктері ауыстырып тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 24% жоғары.

Порт 142 мың тонна астық, 114 мың тонна металл, 13 мыңнан астам контейнер өңдеді. Ақтау порты арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан бағытына қазақстандық мұнай экспортын қайта бағдарлау есебінен 2022 жылғы көрсеткішке мұнайды ауыстырып тиеу 2,1 млн тоннаға дейін, яғни 58% өсті.

Ақтау порты арқылы түсті металдар экспортының өсуіне байланысты металл тасымалы 87% ұлғайды.