Жаңа бөлімше дүйсенбі-жұма аралығындасағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Пошта байланысының жаңа бекеті келесі қызметтерді ұсынады:
Пошталық қызметтер - хаттар мен сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту, ЕМЅ жедел курьерлік жеткізу; Қаржылық қызметтер - коммуналдық төлемдерді қабылдау, ақша аударымдарын (соның ішінде Юнистрим және Western Union), валюта айырбастауды жүзеге асыру; Агенттік қызметтер - кредиттер мен депозиттерді ресімдеу және тағы басқа.Сонымен қатар, бөлімшеде клиенттер кедендік брокердің қызметіне жүгіне алады. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша қызметтердің толық спектрі қарастырылған.
Бүгінде Маңғыстау облысында 57 пошта бөлімшесі жұмыс істейді. Оның ішінде 11-і қалада, 46 бөлімше ауданда және ауылда орналасқан.