33 және 19 шағын аудандағы мектептердің әрқайсысы 1200 орындық.
Ал 17 шағын аудандағы мектеп 900 оқушыға шақталған. Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың айтуынша, мердігер компаниялар нысандарды уақытында және сапалы түрде тапсыруға міндетті.
- Бұл ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер. Мердігер компания нысандрды уақытылы және сапалы түрде тапсыруы қажет. Жаңа мектептердің басшылығы мердігер компаниямен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Жылумен қамту, қажетті құрал-жабдықтармен қамту мәселесін қадағалап, мердігер компания қызметкерлері мектепте жұмыс істейтін мамандарға барлығын үйретіп кеткені жөн. Сондай-ақ, жауапты бөлімдерге аталған мектептердің маңында көлік тұрағын және жаяу жүргіншілер жолын ұйымдастыруды тапсырылды, - дейді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.